• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2023

Жамбыл облысында екі балықшы мұз астына түсіп кетті

301 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында қауіпсіздік қағидасын сақтамаған екі балықшы мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Шу ауданында балық аулау кезінде екі балықшы мұз астына түсіп кеткен. Оқиға 3 ақпанда күндіз Шу қаласынан 40 км жердегі Тасөткел су қоймасында болған.

Балықшылар жағалаудан 50 метр жерде отырған кезде мұз жарылып, адамдар судың түбіне кетті. Құтқарушылар бір адамның мәйітін тез арада алып шықты, ал екіншісін іздеуге тура келді.

Бүгін таңертеңгі сағат 10-да құтқарушылар суға батып кеткен екінші адамның денесін тауып алып, судан алып шықты. Мұздағы қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан осындай қайғылы оқиғалар болады.

ТЖМ азаматтарға қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.