• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Ақпан, 2023

Алматы облысында тас жолдың бір бөлігі жабылды

281 рет
көрсетілді

Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты тас жолдың бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы облысында ауа-райының нашарлауына байланысты «Көкпек-Кеген-Түп» тасжолының Аласа қиылысынан Кеген ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді», делінген ҚазАвтоЖол таратқан хабарламада.

Сондай-ақ күннің жылуына байланысты Алматы және Жамбыл облыстарындағы бірқатар ауылдардың арық каналдарына су жиналып қалған.