• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Ақпан, 2023

Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды

466 рет
көрсетілді

5 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:12 шамасында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыраны ұшырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зымыранға №4 «Электро-Л» ғарыш кемесі бекітілді.

Роскосмос хабарлауынша, «Электро-Л» сериялы ғарыш аппараты ғалымдарға ауа райын болжауға, авиациялық ұшулар шарттарын талдауға, теңіз және мұхит суының жағдайын бақылауға, сондай-ақ қауіпті аймақтардағы төтенше жағдайларды жою шараларын жоспарлауға көмектеседі.

Қазір электро жүйесінде 2011 жылдан бері «Электро-Л» №2 және «Электро-Л» №3 екі жер серігі пайдаланылып келеді.