• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2023

Ержүрек полицей баспаналы болды

264 рет
көрсетілді

Арқалық қаласында бесінші қабаттан құлап бара жатқан қызды құтқарып қалған патрульдік полиция қызметкеріне пәтер берілді.

Естеріңізге сала кетсек, то­сын жағдай осы жылдың 7 қаң­тарында Арқалық қаласында бол­ған еді. Сол күні таңғы сағат 05:30-да  қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығына қыздың бесінші қабаттан құлап бара жатып, балконның темір қор­шауынан ұстап қалғаны туралы суыт хабар келіп түседі.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов шұғыл жетеді. Алмат Әмірхан сыртта қалып, әріптесі дереу бе­сінші қабатқа қарай жүгіре жөнеледі.

Алайда қыз дәл осы сәтте жерге қарай құлдилай жөнелген. Төменде тұрған Алмат Әмірхан құлап келе жатқан қызды қағып алады. 

– Полиция қызметкерлері өңірдегі қоғамдық тәртіпті қам­тамасыз етеді және күнделікті жұмыста қиын жағдайларға тап болады. Кейде адам өмі­рін құтқарып қалып жатады. Қызметте жүріп осындай ер­лікке барғаны үшін Алмат Әмір­ханды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды, – деді Арқалық қаласының әкімі.

Қызды құтқармақ болып аяғынан жарақат алған Алмат Әмірхан әлі емделіп жатыр. По­лиция аға лейтенанты бұған дейін туыстарымен бірге тұрып келген.