Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызының вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 ақпанда «Риддер» станциясында болған.
Аталған факті қылмыстық кодекстің 344-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүріп жатыр.