Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек қазақстандықтардың көліктерін заңдастыру жұмыстарының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Шетелдік көліктерді заңдастырудың екінші аптасы өтті. Бүгінгі таңда 36 мың қазақстандыққа көліктерін заңдастыруға рұқсат берілді», деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде 16 мыңға жуық адам көлігін тіркеген.
Министрлік заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасатынын еске салды. Өтінішті eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы, екінші деңгейлі банктердің өтініштері арқылы, халыққа қызмет көрсету орталықтарында бере алады.
Еске салайық, Қазақстанда биыл 23 қаңтардан бастап шетелдік көліктерді заңдастыру басталды.