• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 06 Ақпан, 2023

Биыл ҰБТ қалай өтеді?

529 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2023 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты ең маңызды мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл ҰБТ 5 рет өткізіледі:

ақылы ҰБТ – қаңтар, наурыз, тамыз айларында (3 рет); мемлекеттік грант байқауына арналған ҰБТ – мамырдан бастап маусымға дейін (2 рет). 

ҰБТ-ға кімдер қатыса алады?

Биылғы мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға; Өткен жылғы мектеп түлектері – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға; Колледж түлектері – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға; Қандастар – наурыз, тамыздағы және негізгі ҰБТ-ға; Шартты түрде оқып жатқан студенттер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ-ға; Басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз айларындағы ҰБТ-ға; Ақылы негізде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниет білдірген студенттер – қаңтар, тамыз айларындағы ҰБТ-ға.

ҰБТ форматы қандай?  

5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік); Барлық тапсырмалардың саны – 120; Ең жоғары балл – 140; Тестілеудің жалпы уақыты - 4 сағат (240 минут).

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларының мәндес бағыттарына түсуге ниет білдірген колледж түлектеріне арналған ҰБТ форматы:

2 пән (жалпы кәсіптік +арнайы); Тестілеудің жалпы уақыты – 2 сағат (120 минут); Тест тапсырмаларының саны – 60; Жоғары балл саны – 70; Шекті балл – кемінде 25 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына - кемінде 35 балл;

Әр пән бойынша шекті балл – 5 балл.

 

Гүлшахра САНСЫЗБАЙ