Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, төрт саяси партиядан партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы құжаттар ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазіргі таңда келесі партиялардан құжаттар ұсынылды:
«Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігі;«Ақ жол» Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі;«Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі;«Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі.
21 қаңтарда ҚР ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауына жеті партияға қатысуға рұқсат берілгенін хабарлаған еді. Олар Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы; «Аманат»; «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы; «Байтақ» жасылдар партиясы; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы; Қазақстан халық партиясы; Республикалық партия.
Айта кетейік, Мәжіліс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызына белгіленген.