2022 жылы Қазақстанға шетелден 7 мың тарихи құжат қайтарылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәдениет, мұрағат және баспа жөніндегі алқаның кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Құнды қағаздарда еліміздің тарихы туралы ақпарат бар. Олармен қазір отандық тарихшылар мен ғалымдар жұмыс істеп жатыр. Құжаттар Венгрия, Германия, Италия және Еуропаның басқа да елдерінен әкелінді», деді ол.
Министр ведомство жұмысының арқасында 18 археологиялық зерттеу жүргізіліп, еліміздің түрлі өңірлерінде 30 ескерткіш қалпына келтірілгенін қоса айтты.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті