ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз өзімізді әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен толық қамтамасыз ете аламыз. Бірақ қамтамасыз ету деңгейі 80 пайыздан аз азық-түліктің 5 түрі бар. Біз бұған қатысты нақты жоспар дайындадық. Бұл көрсеткішті жақын арада 90 пайызға дейін жеткіземіз. Біздің міндетіміз - жыл сайын өзімізді жүйелі түрде азық-түлік қорымен қамтамасыз ету деңгейін арттыру», деді министр.
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті