• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2014

Елімізде энерготиімділікті арттыру жобасы жүзеге асырылады

266 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 маусым. Еліміздің энергетикалық тиімділігін арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асыру мақсатында Үкімет пен Дүниежүзілік банк арасында гранттық келісімге қол қойылды. Бұл туралы i-news.kz хабарлады. Келісім бойынша атқарылатын жұмыстардың құны 21,7 млн. долларға бағаланды. Құжатқа Үкімет тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, ал Дүниежүзілік банк жағынан аталған қаржы ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілі Шебнем Аккая қол қойды. Әсет Исекешевтің айтуынша, көрсетілген қаржы энергетика саласын қаржыландырудың тұрақты механизмдерін құруға және елдегі институционалдық базаны жақсартуға жұмсалмақ. Сондай-ақ, ол: «Жобаны жүзеге асыру кезінде елдің барлық облысындағы мемлекеттік, әлеуметтік маңызы бар нысандардың модернизациялануы жоспарланып отыр. Солардың ішінде 20 мектеп пен балабақша, 5 аурухана және техникалық жарық беру жобасы жаңғыртылады. Сондай-ақ, бұл нысандарда энергия үнемдеу жобасы дайындалады», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: i-news.kz. Фото: i-news.kz.