• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2014

Аршалы ауданына жаңа әкім бекітілді

394 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 маусым. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттары келісімінің кезекті сессиясында Жомарт Нұркенов Аршалы ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Жомарт Жұмағалиұлы 1974 жылы туған, Ақмола аграрлық университетін және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы «Константиновский» өндірістік кооперативінің мал дәрігері болып бастады. 1998 жылғы қарашадан бері Ауыл шаруашылығы министрлігі Целиноград аудандық аумақтық басқармасы ветеринарлық бақылау бөлімінің меңгерушісі, бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторы, кейін басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. 2002 жылғы сәуірде Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасы ветеринарлық бақылау бөлімінің бастығы лауазымына ауысты. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облыстық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарына көтерілді. 2012 жылғы ақпан мен 2013 жылғы маусым аралығында Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметін атқарды. Ал 2013 жылғы маусымнан бастап осы тағайындауға дейін Атбасар ауданының әкімі болды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: «ҚазАқпарат».