• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2014

Қостанай облысында екі жаңа әкім тағайындалды

426 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 маусым. Қостанай өңірінің басшысы Нұралы Сәдуақасовтың өкімімен облыс орталығы мен Қостанай ауданының жаңа әкімдері бекітілді. Бұл туралы облыс әкімінің ресми сайты хабарлады. Қалалық мәслихаттың шешімі негізінде және облыс әкімінің өкімімен Ахмедбек Масақбайұлы Ахметжанов Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды. А.Ахметжанов 1966 жылдың 8 желтоқсанында Қостанай облысы Арқалық ауданы Сарыөзен ауданында туған. Жоғары білімді. 1991 жылы Қарағанды кооператив институтын экономист, ал 2001 жылы Қостанай мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл кеңшарында жұмысшылар кооперативі төрағасының орынбасары болып бастаған. 1992-1996 жылдар аралығында  Әулиекөл ауданына қарасты «Ново-Нежинск» кеңшарында жұмысшылар кооперативінің төрағасы болған. 1998-2007 жылдар ішінде облыс аумағындағы салық саласында басшылық қызметтер атқарған. 2007-2010 жылдар аралығында Таран ауданының, 2010 жылдың қыркүйегінен осы уақытқа дейін Қостанай ауданының әкімі болды. 2009 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды. Сол сияқты, облыс басшысының өкімімен әрі аудандық мәслихат депутаттарының шешімі негізінде Қостанай ауданының әкімі болып Тәуба Қайыржанұлы Исабаев бекітілді. Тәуба Исабаев 1967 жылдың 29 қыркүйегінде Ақмола облысы Степногорск қаласында туған. Білімі жоғары. 1993 жылы Ақмола инженер-құрылыс институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы қарапайым жұмысшы ретінде бастаған. 1993-2005 жылдар аралығында Ақмола облысы Селетин ауданында және аталған облыс әкімі аппаратында түрлі қызметтер атқарған. Ал 2005 жылдың наурызынан осы тағайындауға дейін Қостанай облысы әкімінің іс жүргізушісі әрі аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарып келген. 2002 жылы «Ерен енбегі үшін» медалімен марапатталған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Қостанай облысы әкімінің ресми сайты. Фото: odk.kz.