• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Ақпан, 2023

Әлем чемпионы атанған кениялық қыз қазақша мәлімдеме жасады

452 рет
көрсетілді

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Нора Джеруто барша қазақстандық жанкүйерлерге қазақша сәлем жолдап, көпшілікті Астанадағы Азия біріншілігіне шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионы атанған соң, Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыспаған Нора Астанада бақ сынайды. Осыған орай, ол жанкүйерлерге қазақша сөйледі. Аталған видео Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ресми парақшасында жарияланды. «Сәлем! Мен - Нора. Қазақтың қара қызы. Кел, халқым, қолда», деді еліміздің көк туын жамылған желаяқ.

Айта кетейік, 10-12 ақпан аралығында Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді. Ауқымды шараға 500-ден аса спортшы қатыспақ. Нора Джеруто 2022 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіруден әлем чемпионы атанды. Ол 2017 жылы Қазақстан құрамасына Кениядан ауысып келген.