• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қылмыс 09 Ақпан, 2023

Киберқылмыспен күрес

435 рет
көрсетілді

Digital Almaty 2023 форумы аясында Ұлттық банктің төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы, Binance Kazakhstan Technologies Ltd, Astana Hub халықаралық технопаркі және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы төртжақты келісімге қол қойды.

Бірлескен қызмет шеңберін­де ұйымдар Орталық Азия өңірін­дегі жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб болып саналатын Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы үшін білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Қазіргі әлемдегі осындай қауіп­тердің бірі – киберқылмыс.

– Құқық қорғау органда­ры өкілдерінің заманауи қа­уіп-­қа­тер­лерге дайын бол­мауы цифр­­лық саланы кримина­лиза­ция­­­лауға әкелуі мүмкін. Бұл қа­уіп-қа­терлерге қарсы тұру үшін құқық қорғау органдары цифр­лық технологиялар саласында жет­кілікті білімге ие болуы керек. Қол қо­йылған меморандум крип­то­ва­люталардың көптеген құ­қық қор­ғау аспектісін шешу үшін қажетті білім мен дағды­лар­ды жинақтау үшін берік негіз болатынына, сондай-ақ кибер­қыл­мыстарды ашу мен тергеу ерек­шеліктерін оқыту бойынша жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім­дімін, – дейді академия ректоры Марат Сексембаев.

Криптоиндустриядағы ха­­лық­аралық зерттеулердің нә­тиже­­­ле­рі бойынша киберқылмыс көле­мі 2022 жылы тарихи тұр­ғы­дан ең жоғары деңгейге жетті. Атал­ған жаһандық проблеманы шешу үшін нарықтың ірі ойыншыла­­рын тарту процесі басталады, сон­дай-ақ құқық қор­ғау органдары­ның өкілдерін ки­бер­қылмыстар­мен күресте блокчейннің жаңа құрал­дарына үйретуге баса назар аударылады.

– Binance бүкіл әлем бойынша 750-ден астам қызметкері бар саладағы жетекші жаһан­дық FATF қауіпсіздік және сәйкестік коман­дасына ие. Біз ақшаны жы­лыстатуға қарсы күрес, күдікті әре­кеттерді қадағалау аясында мем­­лекеттік құқық қорғау орган­дары­мен және жеке ұйым­дар­мен ынтымақтасамыз. Серіктестеріміз ұсынатын бас­тапқы есептік жаз­ба­ларға сүйе­не отырып, желі ішін­дегі күдікті транзакцияларды анық­тауға мүмкіндік беретін тергеулер жүр­гіземіз. Ақшаны жылыстатуға қар­сы күрес (AML) бойынша ішкі анықтау және талдау құралдарын үнемі жаңартып, кеңейтіп отырамыз, – дейді Binance Kazakhstan бас менеджері Жаслан Мәдиев.

Білім беру бағдарламасы Ұлт­тық банктің төлем және қар­жы технологияларын дамыту ор­та­лығы, Astana Hub халық­аралық технопаркі қолдауымен, Binance білім беру материалдары негізінде академия базасында іске асырылады.

– Біз аймақтағы ең ірі техно­парк ретінде құқық қорғау органдары мен технологиялық экожүйенің, соның ішінде на­рық­­тың ең ірі ойыншылары­мен ынтымақтас­т­ық орнат­қа­ны­мызға қуаныш­ты­мыз. Крип­­тоинциденттерді тергеу үде­­ріс­терінің дамуы крип­то­­индустрияның және тұтас­тай алғанда блокчейн техно­ло­­гиясының дамуымен қатар жүруі керек. Қазақстан өңірде үз­дік тәжірибе жасай алады деп сене­мін, оған біз барлық қажетті қол­дауды көрсетуге дайынбыз, – дейді Astana Hub халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев.