Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтинг нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Қазақстанның жас теннисшілері рейтингтегі орындарын жақсартты.
Мәселен, Ерасыл Ерділдә ТОП-100-ге жақындады, ол қазір 105-орында тұр. Сондай-ақ Максим Батютенко - 120, Даниал Рахматуллаев - 202, Виталий Зацепин - 209-ші сатыда келеді.
Жуырда Қарағанды қаласында өткен жарыста жеңімпаз атанған 15 жасар Әмір Омарханов 345-ші орыннан бірден 269-ға көтерілді. Ілияс Маратұлы 308-інші (+55), Ерасыл Бақтияр 875-інші (+64), Заңғар Нұрланұлы 907-орынға жайғасқанын да атап өту керек.
Қыздар арасында Сандуғаш Кенжебаева 80-орнында қалса, Асылжан Арыстанбекова – 132, Дана Байдәулет – 147, Айя Нұпбай – 149, Іңкәр Дүйсебай – 411, Әдемі Аманкелді 446-сатыда тұр.