• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Ақпан, 2023

Англияның Грейт-Ярмут қаласында бомба жарылды

317 рет
көрсетілді

Англияда, Грейт-Ярмут порт қаласында екінші дүниежүзілік соғыста пайдаланылған бомба жарылды. Бұл жағдай саперлер бомбаны залалсыздандырып жатқан кезде орын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Норфолк округінің полициясы абайсызда болған жарылыста бомбаны залалсыздандыруға қатысқан әскери күштердің ешқайсысы зардап шекпегенін хабарлады.

Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде жарылыс 24 км қашықтықта үйлерді дүр сілкіндіргенін жазды.