• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Үкімет 11 Ақпан, 2023

Премьер-министр: Қазақстанда өнеркәсіп құрылымы өзгереді

649 рет
көрсетілді

Үкіметте ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев и ұжырымдаманың жобасын таныстыра отырып, оның орта және жоғарғы дәрежеде дайындалатын өнімдерді шығаруға бағдарланған технологиялық озық өнеркәсіп құруға бағытталғанын атап өтті.

Саланы дамытудың жүйелі шараларының ішінде ол өндірістерді шикізатпен қамтамасыз етуді, жаңа кен орындарын игеруді, өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуды және ірі кәсіпорындардың айналасында ШОБ белдеуін құруды атап өтті.

Тұжырымдама жобасы өңдеуші өнеркәсіп жобаларын 500 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыруды көздейді.

Қарастырылып отырған кезеңде 147 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жалпы құны 33,1 трлн теңгеге 868 жаңа жоба іске қосылады деп болжанып отыр.

Барлық жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде өндірістің нақты өсуін 2029 жылы 1,5 есе, ал негізгі капиталға салынатын инвестицияларды 19,8 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланған. 

Премьер-министр Әлихан Смайылов тұжырымдама жобасы Қазақстанның өнеркәсіп құрылымын түбегейлі өзгертуге бағытталғанын, онда өңдеуші сектор негізгі Орынбек алатынын атап өтті.

Жалпы кеңеске қатысушылар құжатты мақұлдады. Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне құжатты мүдделі мемлекеттік органдармен келісіп, Үкіметке енгізуді тапсырды.