• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2023

Көшкіннің алдын алады

245 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстанда қар көшкінінің туындау қаупіне байланысты «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы мен облыстық Төтенше жағдай департаментінің мамандары көшкіндердің алдын алу шарасын жүргізіп жатыр.

Осы уақытқа дейін «Өске­мен-Самар» автожолында 95-102 километрде жарылыс жұ­мыстары жүргізіліп, нәтиже­сінде 1800 текше метр қар түсі­рілді. Мамандардың айтуынша, егер жаңбыр қардың бетіне түссе, сондай-ақ қар жауған кезде ауа температурасы бір бағытта немесе басқа бағытта өз­герсе немесе төбелердегі қат­ты боран қарды тасымалдаса, қар көшкіні қозғала бас­тайды.

«Алдын алу іс-шаралары төтенше жағдайлардың туындауын болдырмауға және күн сайын көптеген автотехника өтетін автожолды қорғауға ба­ғытталған. Әзірге облыс­та көшкін қаупі сақталуда. Жа­қын күндері қауіпті беткей­лерде профилактикалық жұ­мыс­­­тарды жалғастырамыз», деді «Қазселденқорғау» ШҚ филиа­лының басшысы Омар Дүз­гімбаев.

Бұл орайда мамандар экстремалды спорт түрлерінің әуес­қойларына тауға барудан бас тартуды, тұрғындарға аймақ­тағы көшкін қаупі бар учас­келерде өте сақ болуды ұсынады.