• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 12 Ақпан, 2023

Байқаушылар коалициясы құрылды

317 рет
көрсетілді

Қандай сайлау болсын оның әділетті өтуі маңызды. Қоғамда сайлауды тәуелсіз бақылаудың жаңа форматын енгізу туралы жиі айтылып жүр. Бұл ретте елімізде «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы құрылды.

Арнайы ұйымдастырылған брифингте түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коа­лициясына бірігу туралы мә­лімдеді. Коалиция сайлау рәсімдерін қоғамдық бақылау саласындағы жұмыстың ашық­тық және демократиялық қағи­даларына негізделген жаңа формациядағы институтты біл­діреді. Коалиция құрамына әр өңірден бай­қаушылар, заңды консалтинг, медиа менедж­мент және кәсіби койчинг жұ­мыстарын жүзеге асыру саласында үлкен тәжірибеге ие 160-тан астам ұйым кірді. Коали­ция жұмысын ұйымдастыру жеке емес, ұжымдық және тең құқылы басқару қағидасы бойынша жүзеге асырылатыны үлкен маңызға ие.

Іс-шара барысында коалиция Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қоғамдық байқаушылар ретінде қатысу туралы өз ниеттерін мәлімдеді. Сондай-ақ брифингке қатысушылар коалицияның бір реттік бастама емес, жүйелі ұйым екенін, оның аясында сайлау рәсімдерін әдістемелік және құқықтық қамтамасыз ету, талдамалық және ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру, сайлау үдерістерінің саласында білім базасын қалыптастыру бойынша түрлі жобалар жүзеге асырылатынын атап өтті.

Коалицияның негізгі қызметі қоғамда сайлау мәдениетін қалыптастыруға, белсенді, талапшыл азаматтық күштерді тартуға бағытталған.