2023 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, Алматы агломерациясы халқының саны 3,6 млн адамды құрады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Алматы агломерациясын дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспарының жобасында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы агломерациясына Алматы қаласынан бөлек, Алматы облысының:
Есік қаласы; Еңбекшіқазақ ауданының 14 ауылдық округі; Жамбыл ауданының 6 ауылдық округі; Өтеген батыр кенті; Іле ауданының 8 ауылдық округі; Қаскелең қаласы; Қарасай ауданының 10 ауылдық округі; Талғар қаласы; Талғар ауданының 10 ауылдық округі; Қонаев қаласы кіреді.Еске сала кетейік, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 2030 жылға қарай Алматы агломерациясы халқының саны 4 миллионға жететінін айтқан еді.
Қазіргі таңда Алматы қаласының өзінде 2,1 млн адам тұрады.