• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Ғылым 13 Ақпан, 2023

Қазақстан мен Канада ғалымдары бірлескен зерттеулер жүргізеді

330 рет
көрсетілді

Еуразия ұлттық университеті мен Онтарио университетінің технологиялық институтының ғалымдары сутегі энергетикасы мен ядролық физика саласында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЖОО ректоры Ерлан Сыдықов инженерия саласындағы белгілі ғалым, Онтарио университетінің технологиялық институтының профессоры Ибрагим Динцермен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Тараптар сутегі энергетикасы саласындағы инновациялық технологияларды әзірлеуді, Қазақстанның аграрлық секторында баламалы энергияны қолдану және сутегі отын элементтері негізінде энергия жинақтаушы бойынша зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ ЕҰУ физик-ғалымдары канадалық профессормен бірлесе литий-ионды және натрий-ионды батареялардың компоненттерін жасау жобасын коммерцияландыруға кіріседі.