• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Поэзия 13 Ақпан, 2023

Ақынды ардақтаған кеш

440 рет
көрсетілді

Алматыда ақпан айын «Мұқағалитану» мерекесі дерсіз. Ақынның туған күнінен басталатын поэзия кештері мен әдеби жүздесулер наурыз айына дейін жалғасып жатады. Шаһардың орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты барлық білім ордаларында ақын рухын асқақтатқан ондаған шараның өтуі сөзімізге дәлел.

Мұқағали – өлеңдері ең көп жатқа оқылатын ақын. №39 кітапхананың оқу залында «Мен – өмірді жырлау үшін келгенмін» айдарымен бастау алған поэзия кеші, «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» кітап көр­месіне ұласты. Өрімдей өрен­дер ақын жырын алма кезек жат­қа оқып, жыр эстафета­сына кітапхананың егде оқыр­мандары да үн қосты.

Жазушылар кітапхана­сында өткен «Жыр дүлдүлі – Мұ­қағали» әдеби-сазды кешіне Жазушылар одағы бала­лар әдебиеті кеңесінің төр­ағасы Нұрдәулет Ақыш бас­­таған қаламгерлер қаты­сып, Мұқағалидың жауһар жырлары жыл өткен сайын қараңғы түн қойнауынан сәу­лесін шашқан жарық жұл­дыздай жарқырап, айшықтала беретінін, өскелең ұрпақ тәр­биесінде ақын мұрасының рөлі басым екенін айтты.

Наурызбай ауданы Отба­сылық оқу кітапханасында салтанат құрған «Әр өлеңі – бір әлем» жобасы да ән мен жыр тербеген жылы жүздесу ретінде есте қалды. Мектеп шә­кірттері мен студенттер Мұ­қағали күнделіктерінен үзінді оқып, ақынның өмір ты­­нысын бейнелейтін сах­налық қойылымдарын көп­­шілік назарына ұсынды. «Ақын мұрасы, маржан поэ­зиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадір­лейтін қазынасы... Біз­дің ұжымға қарасты барлық кітапханаларда өткен шара­лардың негізгі мақсаты – Мұ­қағали мұрасы арқылы оқу­шыларды әсемдікке, ел­жан­дылыққа тәрбиелей оты­рып, поэзия әлемінің сырын ашу. Бұл жобалар жыл сайын үзбей өтіп тұрады, – дейді Алматы қаласының Орталықтандырылған кітап­хана жүйесінің директоры Ру­занна Бектұрсынова.

Қазақстан Жазушылары кі­тапханасының меңгерушісі Елена Ағайса: «Мұқағали шы­ғармаларына арналған ша­ра­ларға қатысу үшін оқыр­ман­ды үгіттеп жатудың қа­жеті жоқ. Ақын­­ның өлеңдері маг­нит се­кіл­ді, кітапханаға кез­дейсоқ келген оқырманның өзі іс-ша­раның іші­не еніп, жыр оқығысы келіп тұ­рады», деп тебіренді.

 

АЛМАТЫ