• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Ақпан, 2023

Ауылдағы табиғи қуат көзі

741 рет
көрсетілді

Бүгінде елімізде электр қуатының тапшылығы білінбейді. Сонда жел электр стансасы несімен құнды деген сауал өз-өзінен туындайды емес пе? Бұл тараптағы тамаша табыс – табиғи қуат көзін пайдалану. Осы ретте Жетісуда қуаты 50 МВт «Абай-2» жел электр стансасы іске қосылды.

Сарқан ауданында орналасқан стансада электр қуатын өндіретін қондырғылар жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы ірі инвестициялық жобаға 19 млрд теңгеден аса жеке қаржы инвестициясы тартылған.

Биыл облыста жиынтық қуаты 23,5 МВт болатын тағы 3 ГЭС пайдалануға беріледі. Қазіргі кезде өңірде жаңартылған энергия көздерінің 14 нысаны бар, олардың жалпы қуаты – 160 МВт.

Лепсі елді мекеніндегі игі жұмыс 2019 жылы басталған. Кезең-кезеңімен жүргізілген құры­лыс жұмыстары көз сүйіндіреді. Әсіресе ны­сан­ның орналасатын жеріне ерекше назар аударылды. Жазық алқап – желдің жылдық орташа жылдамдығы үшін таптырмас жер, сондықтан онда жыл бойы электр энергиясын өндіруге болады. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыс­тары 2022 жылдың қараша айында толық аяқ­талған. Сол кезден бергі ЖЭС-те өндірілген электр қуаты 23,767 мың КВт/сағатқа жетті.

Жалпы, «Eneverse Kunkuat» ЖШС іске асырған жоба аясында 16 жел қондырғысы орнатылған. Жел мачтының биіктігі – 100 метр, қалақшасының көлемі – 70 метр. Әрбір құрылғы шамамен 3,2 МВт электр энергиясын өндіре алады. Жалпы қуаты – 50 МВт.

Атап өтсек, Сарқан ауданында «жасыл» энергетиканы дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ауданда іске қосу жоспарланған 5 су электр стансасының бүгін­гі таңда үшеуі табысты жұмыс істеп тұр. Қал­ған екеуінің құрылысы биыл аяқталып, іске қо­сылады. Атап айтқанда, «Baskan Power» ЖШС-ның жалпы қуаты 14,9 Мвт болатын, құны 11,7 млрд теңгелік, 24 жұмыс орны құ­ры­латын Жоғарғы Басқан ГЭС-2 және 3 жобасы. Оған қоса Кербұлақ ауданында қуаты 8,6 МВт, құны 6,3 теңгелік Көктал ГЭС-1 жобасы да бар.

Облыстық энергетика және ТҮКШ бас­қарма­сы­ның мәліметіне қарағанда, 2021-2025 жыл­дар аралығында Жетісу облысында жалпы қуат­тылығы 236,7МВт болатын 13 жаңар­­тыл­­ған энергия көзі нысанын іске қосу жос­пар­ланған. (ГЭС – 10, ЖЭС – 2, КЭС – 1). Соның үшеуі пайдалануға берілсе, тағы үшеуі биыл іске қосылмақ. Жалпы қуаты 132,5 МВт қалған 7 нысан 2025 жылға дейін ел игілігіне беріледі.

Айта кетейік, Жетісудың өзінде өндірілетін электр энергиясының көлемі 479,2 млн кВт/сағат­ты құраса, ондағы жаңартылған электр энер­­гиясы көздерінің үлесі 340,6 млн кВт/сағат болып отыр. Алға қойған жоспарлар өз нәти­жесін берсе, жаңа жел электр стансалары өңір­дегі электр қуатының тапшылығын азайтуға көмектеседі.

 

Жетісу облысы