Қазақстан Сирияға гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия азаматтарына қажетті заттар әскери ұшақпен жеткізілді. Бұл – Сирияның бас қаласына жөнелтілген үшінші рейс.
Алдағы уақытта тағы бір рейс жеткізу жоспарланып отыр. Айта кетсек, гуманитарлық жүктің жалпы көлемі 50 тоннаны құрайды.