Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, бүгін жастар мен жасөспірімдер арасында велоспорттан Мэдисон жарысы бойынша Қазақстан Ашық чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аталған бәсекеде скретч жарысынан да Қазақстан Республикасының кубогы сарапқа салынады.
Айтулы бәсекеде 60-қа жуық спортшы қатысады. Олардың 17-сі Астана қаласының велошабандоздары. 16 ақпанға дейін жалғасатын чемпионат «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.
Еске сала кетейік, 10-12 ақпан күндері елордада элиталық санаттағы спортшылар спринт омниумынан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен еді.