• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Ақпан, 2023

Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жібереді

424 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар бөлінген еді.