Атырау облысындағы Қашаған мұнай-газ кенішінің «Д» аралында жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Caspiy Ak Zhelken мердігер компаниясының қызметкерінің өлімі кенеттен болды. Өлімнің себебі өндіріске еш қатысы жоқ. NCOC компаниясы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады. Қызметкердің отбасына жан-жақты көмек көрсетілді», деп мәлімдеді NCOC компаниясының өкілі.
Жергілікті басылымның мәліметінше, қайғылы оқиға Қашаған кен орнының «Д» жасанды аралында 9 ақпанда болған.