• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Ақпан, 2023

Жастар арасында жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті

769 рет
көрсетілді

«Қазақстан жастары» зерттеуі нәтижесінде сауалнамаға қатысқан респонденттердің 79,2 пайызының кәсіпкерлік қызметте тәжірибесі жоқ екені және көбінесе жоғары білім алмаған азаматтардың жұмыссыз қалатыны белгілі болды. Бұл туралы ҚР мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған. Құжат 28 ақпанға дейін Ашық НҚА сайтында қоғамдық талқылауда болады, деп хабарлайды Egemen.kz 

Жастар арасында жүргізілген сауалнама кәсіпкерлік қызметте жастардың қандай тәжірибе алғанын көрсетті:

тәжірибесі сәтті де сәтсіз болғандар – 5,6%; тәжірибесі сәтті болғандар – 4,9%; қазір кәсіпкерлікпен айналысатындар – 4,4%; тәжірибесі сәтсіз болғандар – 4,1%.

Ал қалған 79,2 пайыз респондент кәсіпкерлік саласында еш тәжірибесі жоқ екенін айтқан. 

Қазір кәсіпкерлікпен айналысатындардың ішінде респонденттердің: 

7,3 пайызы – 24-28 жаста; 4,7 пайызы – 19-23 жаста; 1,2 пайызы – 14-18 жаста. 

«Кәсіпкерлік қызметте қала жастарының 17,7 пайызында, ауыл жастарының 20,9 пайызында мұндай тәжірибе бар. Жас қазақстандықтар арасында жұмыссыздық мәселесі әлі де өзекті. 2019 жылы 3,7 пайыздан 2021 жылы 3,8 пайызға дейін 0,1 пайыздық тармаққа өсті, қалада – 4,1 %, ауылдық жерлерде – 3,2 %. Көбінесе білім деңгейі төмен жастар жұмыссыз жүр», делінген зерттеуде. 

2021 жылы 15-28 жас аралығындағы 77,6 мың жұмыссыз азаматтың 33,9 мыңы немесе 43,7 пайызының орта кәсіптік білімі бар. 12,5 мың немесе 16,1 пайызы бастауыш және орта білім алған.