• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Ақпан, 2023

Елордада «Ауылға кітап» акциясы өтті

436 рет
көрсетілді

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханаға қаламгерлер мен оқырмандар қауымы жиналды. Олар «Ауылға кітап» акциясына белсене қатысып, өздерінің жеке кітапханасындағы кітаптары мен авторлық еңбектерін кітапхана ұжымына тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кітапхана қызметкерлері авторлармен келісіп, түрлі жанрда жазылған туындыларды жинақтады. Жиналған кітаптар елді мекендерге жөнелтіледі. Алғашқы кітап қоры Түркістан облысындағы кітапханаларға тапсырылады.

Іс-шара халық арасында кітап оқу мәдениетін насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға деген сұранысты арттыру үшін ұйымдастырылды.