• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Сайлау 15 Ақпан, 2023

Сайлау алдындағы ахуал қандай?

374 рет
көрсетілді

Саяси дода қарса­ңын­да қоғамдық алаңға мониторинг жүр­­­гізген «Адал сай­лау үшін» штабы жа­қында осы сарап­та­­маның нәтижесін жа­рия­лады. Сондай-ақ штаб мүшелері ал­да­ғы Мәжіліс пен мәс­ли­хат депутат­та­ры­ның сайлау науқа­ны ал­дындағы ахуал тура­­лы ой-пікір­ле­рі­мен бөлісті.

БАҚ өкілдеріне арнал­ған баспасөз брифин­гін­де штаб басшысы Серік Ақылбай кезектен тыс сай­лау­ға дайындық және оны өткізу жөніндегі не­гіз­гі іс-ша­ралардың күн­тіз­бе­лік жос­­парына жан-жақты тоқ­тал­ды.

– 18 ақпан күні сағат 18:00-де кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу аяқталады. Депутаттыққа кан­дидат ең алдымен сай­лау құқығына ие болуы керек. Сот әрекетке қабі­летсіз деп таныған, сон­дай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айы­ру орындарындағы аза­мат­тардың сайлануға құ­қығы жоқ. Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат соңғы 10 жылда елімізде тұрақты тұратын, 25 жасқа толған Қазақ­стан азаматы бола алады, – деп штаб басшысы кандидатқа қо­йылатын талаптарды тү­сін­­діріп өтті.

С.Ақылбай жүргізілген мо­ниторинг нәтижелері бо­йын­­ша округтік сайлау ко­мис­сия­сына кан­дидаттың Қа­­­зақ­стан аума­­ғында соңғы 10 жыл бойы тұрақты тұру сәйкестігін анықтау қиынға соқ­қанын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай деректер көші-қон қызметінің тарапынан расталмаған. Ал заңнама бойынша сайлау комиссиялары өкілетті органдардан алынған мә­­лі­­мет­терді қайта тексеруге құ­­қылы емес.

«Құқықтық негізде тұ­рақ­­­­ты тұрудың заңды фак­ті­сін растау және анық­тау тек сот тәртібімен анық­талады. Осыған орай сот ше­шімінің не­гізінде ок­руг­тік сайлау ко­мис­сия­сы шешімін қайта қарап, кандидаттың Парламент Мәжі­лісінің депутаттығына кан­ди­дат­тарға қойылатын та­лап­тарға сәйкестігін анық­­тады», деп атап өтті С.Ақылбай.

Сондай-ақ штаб мүше­сі Әбдікәрім Ақжанов партиялық тізімдер бойынша да, бір мандатты округтер бойынша да депутат­тыққа кандидаттар заң ере­желерін басшылыққа алу­ға міндетті екенін, өйт­кені де­путаттар заң шы­ғару және мем­ле­кеттік ше­шім­­дер қабылдау сала­сында жауапкершілік жүк­­темесін кө­те­ретінін алға тартты. Заңгер Думан Жанпейісов сайлау заңна­ма­сының ық­тимал бұзушы­лық­тар­дың түрлерін, оның ішінде үгіт-насихат кезеңі­нің басталуына дейін үгіт материалдарын орналастыру, сайлау күні және оның алдында үгіт материалдарын орналастыру туралы айтты.

Іс-шара соңында «Адал сайлау үшін» шта­бы­­ның басшысы Серік Ақылбай депутаттыққа кандидаттар мен партияларды сайлау науқанын заң шеңберінде жүргізуге шақырды.