• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауа райы 15 Ақпан, 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

311 рет
көрсетілді

Синоптиктер 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» мәліметінше, фронтальды бөлімдердің әсерінен республиканың жекелеген аудандарында қар жауады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, қар аралас жаңбыр күтіледі.

16-18 ақпанда оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ құбылыстары, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі. Республиканың солтүстік жартысында кейде жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.