• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Тағайындау 15 Ақпан, 2023

«Qazcontent» АҚ төрағасының орынбасары тағайындалды

353 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің бұйрығымен Бекен Қоныс «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бекен Қонысты ұжымға «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы Бекзат Жүсіпов таныстырды.

Бекен Қоныс Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Төрткөл елді мекенінде 1975 жылы дүниеге келген. Бұған дейін Шымкент қаласында «Жебе Медиа» ЖШС директоры, «Ақпараттық коммуникациялық орталығы» КММ директоры, «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.