KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,29 теңгені құрап, бірден 3,48 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 65,60 теңгені (-0,64) құрады.
Еуро және рубль бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын – 485,41 теңгеге, рубльді - 6,11 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде долларды 447-451 теңгеден, еуроны – 479-484 теңгеден, ресей рублін – 5,9-6,15 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар 15 ақпандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.
Мәселен, ICE Futures-тегі Brent сәуір фьючерстерінің құны 1,20%-ға, барреліне 84,55 долларға дейін төмендеді.
NYMEX электронды сауда-саттығында WTI мұнай фьючерстері наурыз айына 1,34%-ға, барреліне 78 долларға дейін арзандады.