• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Ақпан, 2023

Астана мешітінде ұрлық жасаған ер адам ұсталды

553 рет
көрсетілді

Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мешітте жасалған қылмыстың бетін ашты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қомақты соманы қолды қылған 31 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тергеу барысында күдікті Рахимов көшесінің бойында орналасқан мешітке келіп, намаз кезінде залдың ең соңғы қатарында тұрған. Сол кезде ол терезенің алдында жатқан күртешелерді байқаған. Жиналғандардың байқамай тұрғанын пайдаланып, күртешелердің бірінен әмиян тауып алып, ішінен 600 АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны иемденіп алған. Кейін әмиянды күртешеге қайта салып, мешіттен шығып кеткен», делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.

Аталған дерекке қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады, ал полиция қызметкерлері заттай дәлелдемелерді тәркіледі. Оның бұрын Астана аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.