• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Ұстаз 16 Ақпан, 2023

Оза шапқан ұстаздар

245 рет
көрсетілді

Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің үш бірдей мұғалімі математика, физика және информатика пәндері бойынша өткен халықаралық білім сайысының жүлдесіне ие болды.

IMPACT Olimpiad халық­аралық ашық байқауы осымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан, Ресей,  Моңғолия, Грузия, Өз­бекстан, Қырғызстан, Тәжік­стан мемле­кет­терінен ұзын саны 250-ден астам мұғалім қатысқан.

Білім жарысының қорытын­дысы бойынша, физика пәнінің мұғалімі Сәлия Түктібаева 2-орын­ға ие болса, математика мұ­ғалімі Станислав Козловский мен информатика пәнінің мұ­ғалімі Борис Зеленов жүлделі 3-орынды иеленді.

– Байқау талаптары бойынша 7 тапсырма орындап шықтық. Оның төртеуі олимпиадалық тапсырмаға жатады, ал үшеуі – шешімі бар есептерден тұра­тын әдістемелік блок. Бұл жер­де біз қате тауып, есепті дұрыс ше­шудің әдістемелік жолда­рын түсіндіріп бердік. Тапсыр­ма­ларды орындауға 4 сағат уақыт берілген, бірақ мен осының бәрін сәл ертерек 3 сағаттың ішін­де орындап, тап­сырдым. Нәтиже бар, ең бас­тысы, өзіме пайдалы тәжірибе ал­дым, – дейді физика пәнінің мұ­ғалімі Сәлия Түктібаева.

Информатика пәнінің мұға­лімі Борис Зеленов әртүрлі дең­гейдегі тап­сырмаларды же­ңіл­ден күр­деліге қарай орындап шы­ғыпты.

– Тапсырмалар өте қызықты болды. Олимпиаданың алғашқы күні пәндік секциялар бойын­ша семинарлар өтті. Онда біз өз тәжірибемізбен, пәнді оқы­тудағы лайфхактармен бөлістік. Келесі күні өткен төрт сағаттық марафон барысында олимпиада деңгейіндегі 10 тапсырманы шештік, – дейді мұғалім.

 

Қостанай облысы