• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2023

Қондырғы неге істен шықты?

608 рет
көрсетілді

Атырау мұнай өңдеу зауытының басынан қара бұлт арылар емес. Жуырда осы зауыттың тағы бір қондырғысы істен шықты.

Кәсіпорынның қоғаммен байланыс бөлімі мәлім еткендей, 1 ақпанда регенератор­лар­да температура көте­рі­ліп кеткен. Соның салдары­нан ката­ли­ти­ка­лық крекинг қон­дыр­ғының жұмысы тоқ­та­тыл­ған.

«Мамандар ақауларды­ анық­­таған­ соң, «ҚазМұнайГаз» АҚ» ҰК» басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің тапсырмасымен қондырғының жұмысын қалпына келтіру үшін жедел штаб құрылды. Бас­қарма төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Арман Қайрденов жетекшілік ететін жедел штаб каталитикалық кре­кинг қондырғысын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын ­қадағалауға алды», деп хабарлады зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.

Қондырғыдағы ақауды жо­йып, қалпына келтіру жос­пары әзірленген. Алдымен реак­торлы-регенераторлық қон­­дырғы толық тексеріледі. Сөй­тіп, мұнай өнімдерін шы­ға­ру үдерісіне әсерін баға­лау жүргізіледі. Сол себептен, жөндеу-қалпына келтіру жұ­мыстарына каталитикалық крекинг үдерісінің лицензиа­ры – Axens компаниясының мамандары да тартылған. Ли­цен­зиар жүргізген тексеру­дің нәтижесіне сәйкес жөн­деу-қалпына келтіру жұмыс­та­ры 18 ақпанда аяқталмақ. Ал қондырғыны іске қосу жұ­мыс­тары 18-22 ақпан аралы­ғында жүргізіледі. Ката­ли­ти­ка­лық крекинг қондырғысы толық жұмыс режіміне 23 ақпанда қо­сы­латыны жоспарланып отыр.

Осыған байланысты «Қаз­Мұ­найГаз» АҚ» ҰК» бас­­қарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев зауыт басшы­лы­ғымен ке­ңес өткізді. Кеңес кезінде кәсіп­орын бас дирек­то­рының бі­рін­ші орынбасары Рахымжан Жанғабылов қыз­метінен босатылды. Кейін ол кәсіпорынның департамент басшылығына оралды. Ал зауыттың бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатаң сөгіс берілді.

 

Атырау облысы