Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жойқын зілзаладан зардап шеккендерге көмек ретінде шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да қажетті заттар жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 55 тонна. Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына кетті», делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Түркияға шұғыл көмек көрсету үшін миллион доллар бөлуді тапсырды. Сондай-ақ Үкіметке Ислам Ынтымақтастық Ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберу керегін айтты. Азық-түлік қауіпсіздігі Ислам ұйымының қолдауымен Қазақстан Алеппоға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізді. Жақында Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметке Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды. Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберетіні белгілі болды.