Детройт маңында бірнеше вагон теміржол рельсінен шығып кетті. Олардың кейбіреуінде химиялық заттар болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алты жүк вагонының рельстен шығып кеткені анықталды. Бұл оқиға Огайо штатында болған.
Жүк пойызы қауіпті химиялық заттарды тасымалдап бара жатқан. Бес вагонға улы винилхлорид тиелген. Жергілікті тұрғындар төтенше жағдай орнынан бірнеше шақырым радиуста эвакуацияланды.