• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Білім 17 Ақпан, 2023

Оқу-ағарту министрі салалық кәсіподақ өкілдерімен кездесті

437 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрінің қоғам өкілдерімен кездесу шаралары жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының мүшелік ұйымдары мен актив басшылары басқосу кезінде білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қоғамдық кеңес өкілдері, мұғалімдер, білім басқармаларының басшылары және оқулықтарды әзірлеуші топ мүшелерімен кездескен еді. Мұндай басқосу алдағы уақытта педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен де ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Қазақстанда барлығы үш ірі салалық кәсіптік одақ жұмыс істейді.