• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Ақпан, 2023

Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

418 рет
көрсетілді

19 ақпанда Қызылорда облысындағы тасжолдың бірінде жол апаты болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға Самара-Шымкент тасжолының 1767-1768 шақырымында (Сырдара ауданы) болған.

«Mercedes пен Opel көліктері соқтығысқан. Оқиға салдарынан 4 адам қаза тапты, біреуі ауруханаға жеткізілді. Жол апатына байланысты мәліметтер анықталып жатыр», деді Қызылорда облысы Полиция департаметінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.