• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Ақпан, 2023

Егіс жұмыстарына дизель отынын бөлудің жаңа тетігі іске қосылады

410 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына дизель отынын бөлудің жаңа тетіктерін іске қосады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомство дизель отынын бөлудің барлық процестерін, оның ішінде дизель отынын жеткізу жөніндегі операторларды айқындау жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібін және операторларды айқындау шарттарын, сондай-ақ дизель отынының көлемін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде электронды қалыптастыру және бөлу процесін қамтитын қағидалардың жобасын әзірледі.

Шаруалар   үшін жанармай көлемін қалыптастыру және бөлу ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша 1 гектарға дизель отыны шығысының нормативтеріне сәйкес, егіс алқаптарын ескере отырып жүргізіледі.

Дизель отынын алушылардың тізілімі gosagro.kz. порталында автоматтандырылған режимде жасалады.

Қазіргі уақытта қағидалар жобасы салалық қоғамдық ұйымдар мен «Атамекен» ҰКП-да қарау және келісу рәсімінен өтіп жатыр. Құжаттың жобасымен «Ашық НҚА» порталында да танысуға болады.