АҚШ пен Оңтүстік Корея әскери жаттығулар өткізді. Оған Кореялық әскери жойғыш ұшақтар және америкалық бомбылаушылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап
Екі жақтан 10-ға жуық әуе техникасы жұмылдырылды. Жаттығулар барысында екі елдің қорғаныс күштерінің заманауи техникалары сыналды. Осылайша, Сеул мен Вашингтон Солтүстік Кореяның таяуда баллистикалық зымыран ұшырғанына жауап ретінде бірлескен жаттығуды ұйымдастырды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея Хвасон-15 құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырып, 5768 км биіктікке жетіп, 4015 секундта 989 км ұшқаны туралы хабарланған еді. Биыл КХДР екінші рет зымыран ұшыртқан. Бірінші ұшырылым 1 қаңтарда өткен.