• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Ақпан, 2023

Қар, көктайғақ, тұман: 21 ақпанға арналған ауа райы болжамы

281 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде бұрқасынмен бірге қар жауады, батыс және шығыс облыстарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

«Тек елдің оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде ашық ауа райы сақталады. Қазақстан аумағында көктайғақ болып, жел күшейеді, тұман түседі», делінген синоптиктердің болжамында. 

Сондай-ақ мамандар Қостанай облысының солтүстігінде күндіз қалың қар жауатынын атап өтті.