• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Ақпан, 2023

Ақ үй ресми мәлімдеме жасады

386 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Джо Байден Киевке сапарында Украинаға әрі қарай  қолдау көрсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Байден мен Зеленский қару-жарақ мәселесін талқылады. АҚШ президенті артиллериялық оқ-дәрілерді, танкке қарсы жүйелерді, әуе кеңістігін бақылауға арналған радарларды және жаңа маңызды қару-жарақтарын жеткізетінін жариялады.

Бұл туралы Ақ үй ресми мәлімдеме жасады. 

«Путин  бір жыл бұрын соғысты бастаған кезде, ол Украинаны әлсіз деп ойлады. Бірақ ол қателесті. Бүгін Киевте мен Украинаны қолдауды талқылау үшін Президент Зеленскиймен және оның командасымен кездесемін. Мен украин халқын әуе бомбалауынан қорғау үшін артиллериялық оқ-дәрілерді, танкке қарсы жүйелерді және әуе кеңістігін бақылау радарларын, басқа да маңызды жабдықтарды жеткізетінімді жариялаймын. Осы аптада біз Ресейлік элита мен компанияларға қарсы қосымша санкциялар жариялаймыз», делінген мәлімдемеде.