• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 20 Ақпан, 2023

Роман Скляр ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті

308 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Германия – Орталық Азия» парламенттік тобының төрағасы Ойген Шмидт басқаратын ГФР Бундестаг делегациясымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар талқылауға депутаттар Томас Барайсс, Кристиан Горке, Кристиан Шрайдер, ГФР-дің Қазақстандағы елшісі Моника Иверсен қатысты. 

Әңгіме барысында тараптар қазақ-неміс сауда-инвестициялық өзара іс-қимылының басым бағыттарын дамыту мәселелерін талқылады, «жасыл» экономика және энергетика саласындағы перспективалы жобалар бойынша пікір алмасты.

Қазақстан мен Германия арасындағы тығыз саяси диалогты атап өткен Р.Скляр екіжақты тауар айналымының өсіп келе жатқанына және біздің елімізге тартылған тікелей неміс инвестицияларының ұлғайып жатқанына назар аударды.

Өз кезегінде депутаттар ҚР Үкіметі жанындағы Неміс бизнесімен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметін жоғары бағалап, ГФР Бундестагының салалық комитеттерінің желісі бойынша өзара іс-қимылды нығайтуға үлес қосуға дайын екендерін білдірді.