Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің екі арнайы Ил-76 ұшағы Сирия Республикасына 56 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресей ТЖ министрлігінің мәліметінше, азық-түлік, көрпе-жастық, жеке күтім заттары және басқа да қажетті заттар жиналған. Жалпы алғанда ведомство авиациясы Сирия Республикасына 336 тонна гуманитарлық көмек жеткізді.