• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
21 Маусым, 2014

Үшқоңырдың қыраны

292 рет
көрсетілді

Мекен еткен Үшқоңырдың қиясын, Көкірегіне қотаратын күй асыл. Қыран отыр текше тасты тұғыр ғып, Құз-қияға салып алып ұясын. Артта қалып Үшқоңырдың кезеңі, Таңнан самғап көк күмбезін кезеді. Буындырған балақ бауын лақтырған, Азаттықтың атар таңын сезеді. Ала бұлт пен қара бұлтты сапырып, Екпінімен ескек желді жапырып, Арпалысар аспан асты, жер үсті, Уақыттан теңдік сұрап ақырып! Соны соқпақ бір қиырда жатқандай, Сол соқпаққа төте жолды тапқандай. Қалың көшті өзі бастап келеді, Ай астында ақиық құс – ақ маңдай! Қара түнек қарсы алдынан жолыққан, Кезі қайсы қыран құстың торыққан. Соқпасы көп соқпақ жолдың үстінде, Тірес керек, күрес керек – соны ұққан! Бұлың-бұлың жолдар қалып артында, Қанат қақты жай оғындай жарқылдап! Үшқоңыры тілек қосып тұрды оған – «Қыран құсым, алқынба да тартынба!» Күннің көзін кім жабады қалқалап, Бір өзіңе көз тігеді шартарап. Қыран самғап бара жатыр бақытқа, Бар қазақтың ақ арманын арқалап! Төлеген ҚАЖЫБАЙ. Көкшетау.