• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ғылым 21 Ақпан, 2023

Испанияда өрттің алдын алатын роботтар пайда болды

387 рет
көрсетілді

Жақында Король Хуан Карлос университеті мен Мадрид автономды университетінің зерттеушілері өрт сөндірушілерге үйдегі төтенше жағдайларды жоюға көмектесетін автономды жер роботын жасап шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Роботтар көптеген төтенше жағдайлар кезінде жақсы көмекші бола алады. Өйткені олар қашықтан басқарылады. Адамдардың өміріне қауіп төндіретін аймақтарға бара алады. 

Journal of Field Robotics басылымында зерттеушілер ұсынған роботтар өрт кезінде қажетті мәліметтерді жинап, төтенше аймақтарға кіруге және қауіпсіз жолмен эвакуациялауға мүмкіндік беретіні туралы айтылған.

Зерттеушілердің бірі Ноэлия Фернандес Талавера: «Бұл жұмыс жазатайым оқиғалардың жиілігін және құтқару жұмысының орындалу уақытын азайтуға бағытталған HelpResponder жобасының бір бөлігі. Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жердегі роботтар нақты уақыт аралығында деректерді алу арқылы ТЖ бригадаларына көмектеседі», деді.

Испаниядағы өрттің шығу себебін зерттейтін орталық өрт сөндірушілерге көмектесетін жаңа технологиялардың қажеттілігін атап өтті. 

Талавера мен оның әріптестері жасаған робот жиналған деректерді адамдарға бөлісу арқылы айналаны бақылай алады. Олар бөлмедегі ауаның температурасын, ылғалдылығын және сапасын тексеріп, өрт шығу қаупінің алдын алады. Содан кейін бұл деректер өрт сөндірушілер смартфон қосымшасы арқылы қашықтан қол жеткізе алатын мәліметтер базасында сақталады.