• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Ақпан, 2023

Қазақстанға картоп импорты екі есеге төмендеді

505 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанға картоп импорты 51,6% төмендеді. Мәселен, егер 2021 жылы 97,6 мың тонна картоп импортталса, 2022 жылы 47,3 мың тонна өнім импортталған, деп хабарлады Egemen.kz.

Ал картоп экспорты 18,5% пайызға өсті. Мәселен, өткен жылдың қаңтар-қараша айларында 194,8 мың тонна картоп экспортталса, 2021 жылы 164,3 мың тонна экспортталды.

2022 жылы картоптың жалпы өнімі 4,1 миллион тоннаны құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға жоғары көрсеткіш. Оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 588 мың тонна өнім өндірсе, жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтары - 1,5 млн тонна картоп өндірген.